16
қаңтар
2024
"Көшбасшы- деген кім?" тақырыбында сабақ
Мектепке 2024 жылдың 16 қаңтар күні Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігін балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылдың 31тамыздағы №748 қаулысымен бекітілген "Балаларды зорлық- зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтарымен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023- 2025 жылдарға арналған кешенді жоспар" аясында"DosbolLIKE" балаларды қорлауды алдың алу жоспарына сай 10- сынып білім алушылармен "Көшбасшы- деген кім?" тақырыбында сабақ өтті. Мақсаты: сабаққа қатысушыларға көшбасшылық қасиеттерін дамыту. Сабақ барысында ақпараттық бөлім көшбасшы туралы мәлімет беріп "Шоқжұлдыз" әдісі арқылы пікір алмасып "Соқыр суретші" ойыны ойнатылды. "Сенің ....қасиетіңе таңғалдым" тәсілі арқылы рефлексия жасалды.
Сынып жетекшісі Муртазаева Г.
