№34 ЖОББМ «Кибербуллинг. Буллинг дегеніміз не?» тақырыбы бойынша таныстырылым өтті. Іс-шараға мектеп инспекторы А.Алишев. ДТІЖО А. Ертаева және 7-11 сынып оқушылары қатысты. Жауапты мектеп психологы: Нурмаханбетова Г.А. болды. Мақсаты: кәмелетке толмаған балаларды, кибербуллинг, буллинг, зорлық-зомбылықтың алдын алу, буллингті болдырмау. Кездесу барысында оқушыларға тақырып бойынша кеңес берілді. Буллинг Интернетте орын алғанда, сендерге барлық жерде, тіпті өз үйлеріңде шабуыл жасалып жатқандай сезім тууы мүмкін. Ешкім құтқара алмайтындай болып көрінуі мүмкін. Оның салдары ұзақ уақытқа созылып, адамға түрлі жолдармен әсер етуі ықтимал екендігі айтылды.
