08
желтоқсан
2023
"Төле би-тура би, сөз сардары" тақырыбында тәрбие сағаты
N34 Жалпы орта білім беретін мектепте 10 сынып оқушыларымен сынып жетекші Муртазаева Г. "Төле би-тура би, сөз сардары" тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Сабақтың мақсаты мемлекет мәмігерлері Төле бидің өмірі қызметі, даналықтары туралы білімдерін толықтыру. Би деген атауға түсінік бере отырып, қазақ халқының атақты билерінің ұрпақ келешегі үшін аянбай қызмет атқарғанын дәріптеу. Школьникам Төле би мағынасының мәнін ашып, тереңінек ұғындыру. Отанға, еліне жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлы тұлғаларды қадірлеуге, құрметтеуге үйрету. Тәрбие сағаттың барысында оқушылар Төле бидің даңқы шыққан атақтарымен таныс болды. Сондай ақ өмірбаянына шолу жасалды. Тарихтағы оқиғалардан Төле бидің даналығын көрсететін әңгімелермен таныс болды. Қазақ ауыз әдебиетінде Төле би туралы аңыз әңгімелер, шешендік сөздер көп. Солардың көпшілігінде Төле би ақылды, әділ, шешен және халық қамын ойлаған қайраткер бейнесінде суреттелетінін білді. Қорыта келе оқушылар Төле би туралы көптеген аңыз әңгімелер сақталғанын оның тарихта қандай ұлы тұлға болғанын білді.Төле би есімі тек Ұлы жүзде ғана емес Орта жүз бен кіші жүзде де аса құрметпен аталады.
