07
қараша
2023
"Таңғажайып химия" атты тәжірибелер алаңы
Мектептегі "Білімді ұстаз, талантты шәкірт" жобасы аясында химия пәнінен оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында "Таңғажайып химия" атты тәжірибелер алаңы өтті. "Жанбайтын орамал", "Үрленген шар", "Майшамды үрлемей өшіру", "Алақандағы от" секілді қызықты химиялық тәжірибелер жасалды. Тәжірибе жасауға 7-8 сынып оқушылары қатысты. Химиялық қауіпсіздік техникалық ережелері еске түсіріліп, тәжірибе барысында сақталды. Оқушылардың қызығушылығы артты.
