07
желтоқсан
2023
"Діни сауаттылық - қоғамның тұрақты дамуының кепілі"
Мектепте 2023 жылдың 7 қараша мен 7 желтоқсан аралығында "Діни сауаттылық - қоғамның тұрақты дамуының кепілі" тақырыбында өтіп жатқан айлық жоспарына сай директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ертаеваның ұйымдастыруымен мектеп инспекторы А.Алишевпен "Заң және дін" тақырыбында 8-11 сынып білім алушыларымен кездесу өтті. Мақсаты: діннің тарихын, мәнін және оның қоғамда алатын орнын анықтау. Кездесу барысында жалпы дін туралы, оның ішінде ислам діні туралы түсінік беріп, экстремизм және оның алдын алу туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар ҚР 2011 жылғы 15 қазандағы №483-4 заңы бойынша діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын түсіндірді. Діні мықты халықтың санасыда сергек, іргесі де тұтас болмақ.
