13
қазан
2023
"Дін қоғам өмірінде" тақырыбында 9-11 сыныптармен кездесу
Мектепте 2023 жылдың 13 қазан күні білім алушылардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында Жамбылская область дін істер басқармасының маманы Толғанбай Ғалымжан Бейбітұлының және мектеп директоры К.А.Боржуковтың қатысуымен "Дін қоғам өмірінде" тақырыбында 9-11 сыныптармен кездесу өтті. Кездесу барысында теолог маман дін – aдам тарихының үлкен тағылым-тәрбиесінің бірі және сарқылмас даналық көзі. Егемен ел болып қалыптасуымыз, мемлекетіміздің өсіп, өркендеуінде діннің алатын орны зор. Өйткені, дін – имандылықтың, тоәділдіктің, сыпайылықтың, парасаттылықтың, көпшілдіктің, төзімділіктің кепілі. Діні, тілі жоқ халықтың – болашағы жоқ болатындығы туралы айтты. Мектеп директоры әлеуметтік желідегі мәліметтерді де аса ұқыптылықпен қарау керектігін, тек ресми сайттардан ғана мәлімет алу қажеттігін түсіндірді.
