05
сәуір
2023
"Бәрі өз қолымда" атты тренинг
Нашақорлық және мінез құлық ауруларының алдын алу және психологиялық денсаулықты нығайту" айлығының барысында 9-10 - сынып жетекшілері: Муртазаева Г., Нуралбеков О. "Бәрі өз қолымда" атты тренинг өтті. Мақсаты: өмірде өзіне сенімді болуға, өзін табуға, алдына мақсат қоя білуіне не үшін, не істеп жүргеніне жауап бере алуға үйрету. Ұйымдастыру кезенінде 9- сынып жетекшісі Муртазаева Г. тренингтің ашылуын "Сәлем сөздің атасы" атты жаттығумен бастады. Әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін айтты. Мысалы: ақылды Айбану, жігерлі Жанболат. Келесі орындалған тренинг "Сіздің көніл- күйіңіз қандай? " деп аталады. Оқушылар өзіне ұнаған түрлі- түсті фигуралардың біреуін тандап, түс арқылы өздерінің көңіл- күйін білдірді. "Ойланайық, пікірлесейік" тренингте білім алушылар өмір жайлы мәнерлеп өлең оқып, сұрақтар арқылы бір- бірімен пікір алмасты. Одан кейін оқушылар адамгершілік деген сөзге анықтама беріп "Сиқырлы қобдиша" атты тренинг өткізді. Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір қима қағаз таңдап алып, ішінде жазылған сөзді оқып, лайықты деп санаған адамға сыйлады. Не үшін сыйлағанын ашып айтты. Бұл тренингте оқушылар адамгершілік қарапайым қағидалардың түрлерін білді: ол үлкендерді құрметтеу, сыйлау, Отанын қорғау, дінін сатпау дегендей. Тренинг "Маржан сөздер сыр шертеді" атты нақыл сөздермен аяқталды.
