"Жұлдызға жол" тақырыбында балалар ән байқауы
№34 жалпы орта білім беретін мектепте "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында мектеп тәлімгері Ақылбаева И. жоспарына сәйкес 1- 4 сыныптар арасында "Жұлдызға жол" тақырыбында балалар ән байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: білім алушыларға эстетикалық тәрбие беруді арттыру, бірлікке, ұйымшылдыққа, Отан сүйгіштікке, патриоттыққа, өнерді бағалай білуге баулу болды. Байқау 2 кезеңнен тұрды. 1-кезең: "Жүрегімде - Отан үні" патриоттық әндер орындау. 2-кезең: "Әнді сүйсең менше сүй" балалар еркін