"Қазақ тілі", "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәндерінен емтихан өткізу
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ахилбаева педагогтерге білім алушыларға "Қазақ тілі", "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәндерінен 5-8, 10-сыныптарда емтихан өткізу тәртібі туралы түсіндірді. Емтиханның мақсаты - білім алушылардың «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес бағалау.