"Сапалы білім - тиімді жоспар, нәтижелі сабақ" жобасы аясында,
№34 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сыныптары аудандық "Сапалы білім - тиімді жоспар, нәтижелі сабақ" жобасы аясында, 1-сыныпта ана тілі пәнінен А.Мамырбаева ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: Әже. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар. Сабақтың мақсаты: өлеңді мәнерлеп оқып, айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазады. Дауысты дыбыстардың жуан және жіңішке болып бөлінетінін түсінеді. Сабақ психологиялық ахуалмен басталды. Өткен сабақты "Спираль" әдісі арқылы қайталады.