Білім ұясындағы әр түрлі саладағы мамандармен шолу экскурсиясын
№ 34 жалпы орта білім беретін мектебінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған онкүндік іс шаралар жоспарына сай 5-8 сыныптар арасында білім ұясындағы әр түрлі саладағы мамандармен шолу экскурсиясын жасады. Ең бірінші білім алушылар өздерін құнды біліммен, көптеген қызықты мәліметтермен бөлісетін мектеп кітапханашысы Акимбекова Гульнар Акимжанқызының кітапханасына саяхат жасады. Білім алушылар кітапханашыға өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.