«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы» » ЖОББМ №34 Қызыл таң
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп»
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы»
06
қыркүйек
2022

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы»

мектеп директоры Е.А.Далиев  педагогтарға 2022 жылы 1 қыркүйекте «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Қазақстан халқына жолдауы» туралы айтты. Мектеп директоры өз сөзінде биылғы жолдау 5 бағдардан тұрғандығын яғни   бірінші бағдар: жаңа экономикалық саясат 9 бөлімшеден тұратынын, екінші бағдар: нақты секторды дамыту, үшінші бағдар: ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция; төртінші бағдар: мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту; бесінші бағдар: заң және тәртіп екендігіне тоқталды. Осының ішінде ұшінші бағдарда  біз үшін  маңызды мәселе — білім беру жүйесі туралы айтылғандарға тоқталды.  Бұл сала ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқарады. Жолдауда  орта білімнің сапасы — табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қолға алынды-делінген. Сондай ақ  Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады-делінген. Сонымен қатар мектеп директоры мектеп оқушылары арасында мемлекет басшының жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында сынып сағаттары өткізіліп, саяси хабарламада таныстырылсын деп тапсырма берді.  Сөз соңында мектеп  директоры: «Құрметті әріптестер мемлекет басшысының жолдауында айтылған тапсырманы орындауға әрқайсымыз қолдан келгенше  өз үлесімізді қосамыз деп сенемін»  деді. 
2.Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ақылбаева сөз алып мемлекет басшының Қазақстан халқына жолдауының бізге берер мүмкіндігі көп екендігін айтты. Жолдауда көрсетілгендей жаһандық ғылыми-техникалық даму барысын ескерсек, жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика пәндерін және ағылшын тілін оқытуды барынша күшейту маңызды. Қоғамда қазақ және орыс тілін мектепте оқыту мәселесі бойынша пікірталас болып жатыр. Нақты айтайын: біз қазақ тілін де, орыс тілін де жақсы білетін балаларды тәрбиелеуіміз қажет. Себебі, бұл ұрпақтың мүддесі үшін керек  екендігіне назар аударуымыз керек деді. Сондай –ақ аталған пән мұғалімдерін сабақтарында  түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып оқушыларға сапалы білім беруге шақырды. 
3.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ертаева сөз алып мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жорлдауында қазіргі таңда бір үйден бірнеше бала мектепте оқитынын ескеріп,   ата-аналар үшін мектеп формасына арнай тоқталып өткендігі туралы айтты. Биылғы жолдауда мектеп формасын барлық оқушыға барынша қолжетімді ету аса маңызды. Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз саналатын кейбір топтағы балаларға оны бюджет есебінен беру қажет деп санаймын. Мектеп формасына арналған мемлекеттік тапсырысты отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бейімдеген жөн-деп айтылғандығына тоқталды. 
4. Мектептегі әдеп кеңесінің төрайымы Р.Кузембекова сөз алып мемлекет басшысының жолдауында білім саласына қатысты тыңғылықты идеялар айтылып, тапсырмалар берілді. Біз қашанда қолдан келгенше тапсырмаларды орындауға өз үлесімізді қосамыз, мемлекет басшының жолдауына кеңінен насихаттаймыз деді. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив