"Алау" әскери-патриоттық сапта жүріп ән айту байқауы
"Алау" әскери-патриоттық сапта жүріп ән айту байқауы №34 ЖОББМ- де 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай, жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мен Отан алдындағы парызын сезіну мақсатында 5–10 сынып оқушыларының арасында "Алау" әскери-патриоттық сапта жүріп, ән айту байқауы өтті. Саптық шеруді бастау үшін қатысушылар ортаға шақырылды. Әр сынып өздерінің патриоттық әндерін орындады. Нәтижесінде қатысушылар мектеп директорының грамоталарымен марапатталды.