Материалы за Мамыр 2025 года » ЖОББМ №34 Қызыл таң
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Мамыр 2025 года
11- сынып оқушыларына Қазақстан тарихы пәнінен (ауызша) емтихан
30
мамыр
2025
11- сынып оқушыларына Қазақстан тарихы пәнінен (ауызша) емтихан
№34 жалпы орта білім беретін мектепте 2025 жылдың 30- мамыр күні 11- сынып білім алушылары Қазақстан тарихы пәнінен (ауызша) қорытынды аттестаттау  емтиханын тапсырды. Емтиханда мектеп директоры К.А Боржуков білім алушыларға сәттілік тілеп, емтихан ережелерімен таныстырды. Емтиханға барлық білім алушылар қатысып сәтті тапсырды.
Директор жанындағы кеңес отырысы
29
мамыр
2025
Директор жанындағы кеңес отырысы
№34 ЖОББМ-де 2025 жылдың 29 мамыр күні директор жанындағы кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде: 1. Үйірме жұмысының жүргізілу барысы, қорытындысы 2. "Жаз -2025" бағдарламасын ұйымдастыру.  Директор жанындағы кеңесте 2024-2025 оқу жылындағы үйірменің жетістіктері қаралып, мониторинг жасалды. Мектеп жанынан "Достық" сауықтыру лагерінің ашылуы туралы айтылды.
9-сынып алгебра пәнінен емтихан
29
мамыр
2025
9-сынып алгебра пәнінен емтихан
Мектепте 2025 жылдың 29 мамыр күні 9-сыныпта негізгі орта және орта білім беру деңгейіндегі оқыту курсын аяқтау  үшін   алгебра пәнінен емтихан өтті. Емтиханда мектеп директоры К.А.Боржуков білім алушыларға сәттілік тілеп, емтихан ережелерімен таныстырды. Емтиханға барлық білім алушылар қатысып, сәтті тапсырды.
Кезекті педагогикалық кеңес
28
мамыр
2025
Кезекті педагогикалық кеңес
Мектепте 2025 жылдың 28 мамыр кезекті педагогикалық кеңес өтті.  Күн тәртібінде: 1. 5-8, 10 сыныптарда "Қазақ тілі" пәні бойынша аралық аттестаттау қорытындысы Бұл аралық аттестаттау емтихандары оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білім деңгейін бағалауға және олардың оқу бағдарламасын қаншалықты меңгергенін анықтауға бағытталған маңызды шара болып табылды. Аралық аттестаттаудан барлық білім алушылар сәтті өтті.
7 және 8-сыныптарда қазақ тілі пәнінен аралық емтихан
28
мамыр
2025
7 және 8-сыныптарда қазақ тілі пәнінен аралық емтихан
27.05.2025 жылы мектебімізде 7 және 8-сыныптарда қазақ тілі пәнінен аралық емтихан өткізілді. Оқушылар жыл бойы меңгерген білімдерін жүйелеп, жазылым мен грамматикалық дағдыларын көрсетті. Оқушылар белсенділік танытып, жақсы нәтиже көрсетті. Барша шәкірттерімізге алдағы оқу жолында сәттілік тілейміз! #ҚазақТілі #АралықЕмтихан #7Сынып #8Сынып #БілімЖолы #ҰстазТірлігі
5 және 6-сыныптарға “Қазақ тілі” пәнінен аралық емтихан
27
мамыр
2025
5 және 6-сыныптарға “Қазақ тілі” пәнінен аралық емтихан
5,6,7,8,10 сыныптарға “Қазақ тілі” пәнінен аралық емтихан басталды. 26.05.2025 жылы  5 және 6-сыныптарға “Қазақ тілі” пәнінен аралық емтихан өткізілді. Емтихан мақсаты – оқушылардың жыл бойы меңгерген білім деңгейін, тілдік дағдыларын (оқылым, жазылым, әдеби тілдік норма) бағалау және оқу жетістіктерін саралау болды. Оқушылар берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындап, өз білімдерін көрсетті. Емтихан қорытындысы бойынша сараптама жасалып, тиісті бағалар қойылды.  Қазақ тілі пәнінің
"Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, қаңғыбастықтың алдын алу "
24
мамыр
2025
"Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың,
Мектепте 2025 жылдың 24 мамыр күні "Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, қаңғыбастықтың алдын алу " мақсатында мектеп әкімшілішігі мен рейд мүшелері тарапынан күндізгі және түнгі рейд жүргізілді.
23.05.2025 жылы кезекті педагогикалық кеңес
23
мамыр
2025
23.05.2025 жылы кезекті педагогикалық кеңес
23.05.2025 жылы кезекті педагогикалық кеңес өтті. Пед кеңесте қаралатын  мәселелер:   1. ІV-тоқсанның қорытындысы, білім сапасының  мониторингісі.  2. Әкімшілік қима қорытындысы   3. Сыныптан- сыныпқа көшіру қорытындысы.  4. Қорытынды аттестаттауға  жіберу;   - қорытынды аттестаттаудан босату;  - білім алушыларды марапаттау.
«Білімім – Отаныма»
23
мамыр
2025
«Білімім – Отаныма»
10-сыныпта «Білімім – Отаныма» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың жыл бойғы білім жетістіктерін жинақтау;Білім мен отанға деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру;Топта жұмыс жасау, креативті ойлау, өзіндік пікір білдіру дағдыларын дамытуСабақ ҚР-ның Гимнін айтумен басталды. Оқушылар 2-топқа бөлінді. ҚР оқу-ағарту министірі Ғани Бисембаевтың құттықтауы тыңдалды.1. «Білім керуені» Әр топқа жыл бойы өткен 5 пән бойынша сұрақтар (қысқа және орташа