03
қараша
2022
" Мен үшін мектеп парламенті ол..." тақырыбында тренинг сабақ
№34 жалпы орта білім беретін мектебінде күзгі каникул кезінде өткізілетін іс шаралар жоспарына сай мектеп тәлімгері Қайратқызы Бағдат «Өзін- өзі басқару» ұйымының мүшелерімен « Мен үшін мектеп парламенті ол...» тақырыбында тренинг сабақ өткізді. Сабақтың негізгі негіздемесі ол -балалардың табысты әлеуметтенууі мен өзін өзі тиімді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, сондай ақ білім алушылардың туындайтын проблемаларды өз бетінше шешуі үшін мүмкіндіктер жасау. Сабақтың мақсаты: Құқықтық мемлекет жағдайында шығармашыл, бастамашыл, өзі және қоғам үшін пайдалы әрекет ете алатын еркін,жауапты, мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу. Тренинг сабақ ең алдымен « Сәтті күн» сергіту сәтімен басталды. Оқушылар ең алдымен бүгінгі күндеріне бір- біріне сәттілік тілеп, жылы лебізді сөздермен бастады. Сабақ барысында мектеп тәлімгері «Өзін өзі басқару» ұйымының мүшелеріне Мектеп парламенті туралы, оның атқаратын қызметі туралы жалпылама түсінік бере өтті. Сабақ барысында білім алушыларға және ұйым мүшелеріне « Мен үшін мектеп парламенті ол...» деген сұрақ қойылып, берілген постерге оқушылар өз ойларын емін еркін білдіріп, аталған сұрақты талқылады. Әр оқушы өзінің жеке ойын білдіріп бірі мектеп парламенті ол оқушының өзін өзі бейімделуі десе, енді бірі білім алушылардың бойында азаматтық белсенділікті дамыту, білім беру ұйымын басқаруға қатысуға нақты мүмкіндік беру және мекктептегі қоғмдық іс шараларға белсене атсалысу деп жауап берді. Қорытындылай келе, оқушылардың көшбасшылық қабілеттерінің дамығандығы, әр оқушының жеке тұлға болып қалыптасқандықтары және «Өзін өзі басқару» ұйымына деген көзқарасты жоғары деңгейде екені байқалып, әр білім алушы өздерінің сабақтан алғаан әсерлерімен бөлісті
