25
маусым
2025
«Достық – ең қымбат байлық»
"Достық" сауықтыру лагерінде "Алау" тобында «Достық – ең қымбат байлық» тақырыбында пікірсайыс қызықты әрі тәрбиелік мәні зор болып өткізілді.
Жақтаушылар тобы:
Достық — адам өміріндегі ең бағалы сезім. Шынайы дос қиын сәтте қолдау көрсетеді, қуанышты бірге бөліседі. Байлық жоғалса табылады, ал адал дос табу қиын.
Қарсы топ:
Достық маңызды, бірақ одан да маңыздысы – отбасы, білім мен денсаулық. Кейде достық уақытша болуы мүмкін, ал өмірлік құндылықтар тұрақты болуы тиіс.
Қорытынды:
Оқушылар достықтың адам өмірінде үлкен рөл атқаратынын мойындады. Бірақ оны бағалай білу, таңдай білу – адамның өз қолында екенін білді.
![]() | ![]() |