13
маусым
2025
"Достық" сауықтыру лагері
Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында "Достық" сауықтыру лагерінің жоспары аясында: «Джунглидағы жаңбыр» жаттығуы өтілді. Мақсаты: Топтағы бірлік пен сенімділікті арттыру. Зейін мен есту қабілетін дамыту. Эмоционалдық сергіту, күйзелісті жеңілдету . Командалық әрекет пен синхронды қимылды қалыптастыру
Бұл жаттығу арқылы балалар немесе қатысушылар табиғи дыбыстарды (жаңбыр, жел, найзағай) қолмен, саусақпен, аяқпен, т.б. салып, біртұтас әсер қалыптастырады. Жаттығу тыныштыққа, бір-бірін тыңдауға тәрбиелейді.
Жауапты мектеп психологы: Нурмаханбетова Г.А.
