10
маусым
2025
"Таза Қазақстан" тақырыбында қалдық заттардан бұйымдар
Мектеп жанындағы "Достық" сауықтыру лагерінде "SunTeam" тобы "Таза Қазақстан" тақырыбында қалдық заттардан бұйымдар жасап, өз қолтаңбаларын қалдырды.
Мақсаты – балаларды табиғатты қорғауға, қайта өңдеудің маңызын түсінуге баулу, экологиялық мәдениетін арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Балалар түрлі пластик бөтелкелер, қағаз, ескі қораптар мен тұрмыстық заттарды пайдалана отырып, сәндік бұйымдар, ойыншықтар мен тұрмыстық қажеттіліктерге арналған заттар жасады. Бұл шара олардың қиялын дамытып, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін оятты.
