«Тиімді тамақтану!» сынып сағаты
№34 жалпы орта білім беретін мектеп
«Тиімді тамақтану!»тақырыбында өткен сынып сағатының
Анықтамасы
Мерзімі: 19 сәуір 2022 жҚатысқаны: 11 оқушы
Жауапты: Акылбаева А.А
Өткізу форматы: сынып сағаты
Мақсаты:Оқушылардың дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту. Тазалық гигиенасы туралы ережелерді қайталау. Дұрыс тамақтана білу мәдениетіне тәрбиелеу. Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға үйрету.
Сабақбарысында «Шаттық шеңбері» әдісі арқылы психологиялық ахуал жасаудан басталды. Оқушылар бір-бііріне жақсы тілектерін айтып,сәттілік тіледі. Әр оқушы ұнаған түсті таңдау арқылы топқа бөлініп, орындарына отырды.(қызыл, сары)Мұғалім:Сабақ барысында Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық — денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет екенін атап өтті
Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет. Сонымен қатар, тамақтану ережелерін де сақтауымыз қажет екені айтылды.
Сабақ сайыс түрінде өтілді.Сайыста әр түрлі, қызықты тапсырмаларды орындады.
Сайыстың кезеңдері мынандай болды:
1. Таныстыру (дәрумендер өздерін таныстырады)
2. «Кім шапшаң?» (сұрақ — жауап)
3. «Тапқыр болсаң, талас жоқ»
4. «Тауып, көр!» (Дастархан басында сақталатын ырым – тыйымдар)
5. «Жалғасын тап» (мақал — мәтелдер).Осы кезеңдер бойынша оқушылар топтаса отырып,жауап беріп отырды.