"Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі" тақырыбында тәрбие сағаты
№34 ЖОББМ 1-сынып оқушыларымен "Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі" тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. Мақсаты: оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен таныстырып, денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту. Тәрбие сағаты арқылы оқушылар дұрыс тамақтанса денсаулықтарының мықты болатынын, көңіл-күйлерінің көтеріңкі болып, сабаққа деген ынталарының артатынын түсінді.