"Шебер қолдар" үйірмесі
Мектепте кесте бойынша "Шебер қолдар" үйірмесі өтті. Үйірме барысында оқушылар "Айқас тігіспен кестелеу техникасы. Кестелеу әдістері" тақырыбында сабақ өткізілді. Мақсаты: окушыларды көркемдеп кестелеумен таныстыру, кестенің түрлерін, кестенің қолданылуы мен өңделуін білуде өнерге қызығушылығын арттыру,өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамыту; айқаспа кестелеуді орындау арқылы әсемдікке, ісмерлікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.