Алдангорова Шариякуль Ойшанқызы.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алдангорова Шариякуль Ойшанқызы. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетін 2010 жылы филология мамандығы бойынша тәмамдаған. 2010 жылдан бері осы аталған мектепте еңбек етіп келеді.Біліктілік санаты педагог-сарапшы.
Әрбір ұстаз өз заманының алдыңғы қатарлы білімдар өкілі десек, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алдангорова Шариякуль Ойшанқызы да оқу-тәрбие жұмысында атқарып жүрген қызметі зор, ұрпаққа берер тәрбиесі мол ұстаз. Ол – өзіндік қолтаңбасы айқын мұғалім. Әдебиет сабағының көркемдік-эстетикалық қуатын аша біледі, онымен оқушыларды табыстыра алады. Қазақ тілі пәнінің теориясын практикалық жұмыстармен шебер ұштастырады. Әдебиет сабақтарында көркем әдебиет шығармаларының және қазақ тілі сабақтарында тілдік материалдардың ұлттық тәрбие берудегі мүмкіндіктерін сарқа пайдаланады. Өзін қазақ халқының бай рухани-адамгершілік мұрасын жас ұрпаққа жеткізуші өкілмін деп сезінеді және осы ниетін адал атқарады. Ұстаз өз шәкірттерінің білім сапасын арттыруда аянбай еңбектенеді. 2010 жылдан бері осы аталған мектепте еңбек етіп келді,қазіргі таңда №39 Темірбек Қожакеев атындағы орта мектеп гимназиясында қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі ретінде қызмет атқарады.