14
қараша
2022
"Зиянды заттардың зардабы!" тақырыбында жиналыс
Мектепте 2022 жылдың 2-24 қараша аралығында оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу күзгі айлығы барысында мектеп инспекторы А.Алишевпен мектеп психологі Г.Нурмаханбетова 6-11 сынып білім алушыларымен "Зиянды заттардың зардабы!" тақырыбында жиналыс өтті. Жиналыс барысында зиянды заттардың түрлері: есірткі, темекі, ішімдік туралы түсінік берілді. Зиянды заттар дегеніміз, қауіпсіздік талаптары бұзылған жағдайда адам ағзасы мен жанасу кезінде демалу мүшелерін, асқазан-ішек ауруларын қоздыратынын түсіндірді. Есірткі -бұл адамның көңіл-күйін, сана сезімінің, мінез- құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат екенін айтып, оқушыларға зиянды заттардан мүлдем аулақ болу керектігін түсіндірді.
