01
қазан
2022
1 қазан қарттар күні
1990 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы *1-қазан Халықаралық қарттар күні* деп жариялады.Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Осыған орай N 34 ЖОББМ-де мектеп тәлімгері Қайратқызы Бағдат және Бірыңғай "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының және "Өзін-өзі басқару" ұйымының Президенті және ұйым белсенділері *"Қарттарым - асыл қазынам"* атты акциясын ұйымдастырып, Тұрлыбай батыр ауылының қарт әжесі 1936 жылы дүниеге келген Мадібаева Майра Дәуіталіқызын қарттар күнімен құттықтап, орамал жауып, тәтті бәліш пен гүл шоқтарын сыйлады.Майра әже Жамбыл колхозындағы Тұрлыбай батыр ауылында атақты шопан болған.
Ұйым белсенділері басқа да қарт кісілерді бей-жәй қалдырмады.Оның ішінде
Күртібаева Гүлнар Жамбыл МТФ да атақты сауынші болған, көп балалы ана, ауылымыздың қарт әжесі.