Жамбыл Жабаев 175 жыл. Жүз жыл жырлаған жүрек әдеби кеш
Ағымдағы жылдың 27 қазанында 34 жалпы орта білім беретін мектебінде Тұрлыбай батыр ауылының кітапханашысы Г. Омашева, мектеп кітапханашысы Г. Акимбекова және мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М. Сейткулованың ұйымдастыруымен рухты жыр -дастандарымыздың жыршысына айналған, "ХХ ғасырдың Гомері" жыр дүлдүлі, ғасыр ақыны, жыр алыбы- Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған "Жүз жыл жырлаған жүрек" атты әдеби кеш өтті.