Құрметті ата-аналар "ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕГІ БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАЙЫҚ"
Жазғы каникул кезінде балаларыңызға үнемі:

Жолда жүру ережелерін сақтауды;

Суға шомылу маусымы келе жатқандықтан судағы қауіпсіздік ережесін сақтауды; өзен, көлдерге, бассейндерге ата-аналарынсыз баруға болмайтынын;

өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды;

трансформаторлардан, электр жүйелерінен алыс жүру;

Күн ыстығында күннің астында көп жүрмеуін;

қалалы жерге қыдырып барғанда ашық терезе қауіпсіздігін сақтау;

жедел сатыны қолдану кезіндегі қауіпсіздікті сақтау;

паркте аттракциондардағы қауіпсіздік ережелерін;

ұялы телефондарынан қауіпті сайттарға кіріп, құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыруларыңызды сұраймыз.
Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында:

Түнгі сағат 22.00 ден кейін кафелер мен ойын сауық орталықтарында, 23.00 ден кейін тұрғылықты жерлерінен алыс жерде жүрмеуін;

кәмелетке толмаған жасөспірімдердің көлік жүргізбеуін, скутер, электромопед айдамауын қатаң қадағалауларыңызды сұраймыз.
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ-СІЗДЕРМЕН БІЗДЕРГЕ ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТ ЕКЕНІН ҰМЫТПАЙЫҚ!!!
БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ КӨҢІЛДІ ЖАҚСЫ ӨТУІНЕ ТІЛЕКТЕСПІЗ.