12
мамыр
2025
«Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері»
11- сыныпта «Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты — оқушылардың құқықтық және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, түрлі өмірлік жағдайларда қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және оларды іс жүзінде қолдануға баулу болды.
Сабақ барысында жаз мезгілінде кездесетін қауіпті жағдайлар мен олардың алдын алу жолдары кеңінен талқыланды. Атап айтқанда:
• Судағы қауіпсіздік:
• Отпен жұмыс істеу қауіпсіздігі:
• Жолда жүру ережесі:
Сонымен қатар, буллинг пен кибербуллингтің түрлері мен зардаптары туралы айтылып, оқушыларға өзін-өзі қорғау жолдары ұсынылды. Әлеуметтік желідегі қауіптер, олардан қорғану амалдары (агрессорды бұғаттау, әкімшілікке шағымдану, посттарды скриншоттап сақтау) нақты мысалдармен түсіндірілді.
Ұрлық ұғымы мен оның заң алдындағы жауапкершілігі де назардан тыс қалмады. ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабына сәйкес, бөтеннің мүлкін жасырын иемдену — ұрлық болып саналатыны ескертілді.
Сабақ интерактивті форматта өтті, оқушылар қауіпсіздікке байланысты түрлі жағдайларды талдап, өз пікірлерін ортаға салды. Олардың жазғы демалыс кезінде қауіпсіз жүріс-тұрысты сақтауы, заң талаптарын білуі мен оларды қолдануы үшін маңызды ақпараттар берілді.
