22
ақпан
2023
« Мамандықты дұрыс таңдау- табысты өмірдің кілті тақырыбында» дөңгелек үстел
№ 34 жалпы орта білім беретін мектебінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған онкүндік іс шаралар жоспарына сай 22.02.2023 жылы педагог кәсіби бағдар беруші Б.Қайратқызы 8-9 сынып білім алушыларымен « Мамандықты дұрыс таңдау- табысты өмірдің кілті тақырыбында» дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта ықыласын, қызығушылықтарын арттыру, бағыт бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету. Дөңгелті үстелді бастамас бұрын кәсіби бағдар беруші дөңгелек үстелдің ережесімен төмендегідей танысырып өтті:
1.Сыйластық;
2.Тыңдай білу;
3.Сөзді бөлмеу;
4.Белсенділік таныту;
5.Шығармашылық;
6.Төзімділік;
7.Түсіністік қарым қатынас
Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны таңдау. Қазақ « адам екі турлі жағдайда қателеспеу керек; бірі жар таңдағанда, екіншісі мамандық таңдағанда» деп бекер айтпаса керек . Әр адам өз қабілетіне , икемділігіне қарай сәйкес мамандық таңдау тиіс. Әлемде қырық мыңға жуық мамандық түрлері бар. Статистика бойынша жыл сайын 12% қайтадан өз орнына қайтып оралады деген қызықты мәліметтерді білім алушыларға айтты. Дөңгелек үстел барысында білім алушылар төмендегідей сұраққа пікірталас ұйымдастырды.
1.Мамандық таңдауда нені есепке алу керек ?
2.Адамның қандай қасиеттері кәсіби түрде қажет?
3.Адам кәсіби жұмыста қалай табысқа жете алады?
4.«Маман иесі» дегенді қалай түсінуге болады?
Пікірталас соңында білім алушылар ассоциограмма жасап постерлерін қорғады. Дөңгелек үстел соңында білім алушыларға :
1. Ең бірінші оқушы өзіне деген сенімін және өзін өзі құрметтей білуі керек .
2.Өзінің шын тілегін « Шынымен маған не қажет ?» деген сұрақ қою арқылы.
3.Мамандық алу және маман болу үшін көп нәрсені үйренуің керек.
Дөңгелек үстелді кәсіби бағдар беруші «...адам кез- келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесекте содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады» деген қанатты сөзбен аяқтады.
