"Ауғанның от жалыны" тақырыбында ауған соғысына қатысқан ардагерлермен кездесу » ЖОББМ №34 Қызыл таң
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп»
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Ауғанның от жалыны" тақырыбында ауған соғысына қатысқан ардагерлермен кездесу
13
ақпан
2023

"Ауғанның от жалыны" тақырыбында ауған соғысына қатысқан ардагерлермен кездесу

Мектепте 2023 жылдың 13 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай және білім алушыларды әскери-патриоттық сезімде тәрбиелеу мақсатында  "Ауғанның от жалыны" тақырыбында ауған соғысына қатысқан ардагерлермен кездесу болып өтті. Кездесуге Меркі ауданының ардагерлері Б.Бекжанов, Е.Сеңгербаев, Т.Кахраманов қатысты. Кездесуді мектеп директоры Е.А.Далиев құттықтау сөзбен ашты. Ол өз сөзінде ауған соғысының тарихы жайлы баяндап өтті. «Біз білім алушыларымызды өз Отандарын сүюге, қазақ елінде туып-өскендерін мақтан тұтатындай етіп, патриоттық рухта тәрбиелеуге тырысамыз. Қазіргі бейбіт заманның өзінде де жер шарының бір бұрышында соғыс өрті лаулап, онда жазықсыз жандардың мерт болып жатқанын, соларды қорғау жолында біреулер асқан ерлік көрсетіп жатқанын бүгінгі ұрпақ білуге тиіс. Осыған орай әскери-патриоттық тәрбие аясында өткізіліп отырған бүгінгі іс-шараға қатысуға тілек білдірген ардагерлерге мың да бір алғыс айтамын», – деді. Кездесуде білім алушыларымыз өз өнерлерін ортаға салды. Білім алушыларымыз көкейде жүрген сұрақтарын ардагерлерімізге қойып, еркін пікір алмасты.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив