09
ақпан
2023
«Бізден сұрақ - сізге бәліш» атты сыныптан тыс іс- шара
N34 жалпы орта білім беретін мектебінде қоғамдық- гуманитарлық тарих және ағылшын тілі пәндері айлығы барысында жоспарға сәйкес 09.02.2023 жылы тарих пәнінің мұғалімдері Тулисбаева Г. Керимов А және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ж.Абдукадированың ұйымдастыруымен «Бізден сұрақ - сізге бәліш» атты сыныптан тыс іс- шара жұмыстарын жүргізді. Сыныптан тыс іс -шараның мақсаты:
1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету. 2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Іс-шара барысында оқушыларға және мұғалімдерге түрлі сұрақтар ағылшын тілі және тарих пәні бойынша сұрақтар қойылды. Сұрақтарға жауап берген оқушылар мен ұстаздарға тәтті бәліштер тарадылды.
