09
желтоқсан
2022
"Мен салауатты өмірді қолдаймын" тақырыбында мұғалімдер арасында спорттық жарыс
Мектепте тәрбие жоспарына сай және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Мен салауатты өмірді қолдаймын" тақырыбында мұғалімдер арасында спорттық жарыс өткізілді. Мақсаты: мұғалімдер арасында салауатты өмір салтын ұстана отырып, ұстаздардың денсаулығын, белсенділігін нығайту. Спорттық жарыста мектеп директоры Е.А.Далиев барша қатысушыларды келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, сәттілік тіледі. Жарыстың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен командаларға мадақтамалар мен Алғыс хаттар табыс етілді.