10
қараша
2022
"Биология әлемінде"атты интеллектуалдық сыныптан тыс сайыс сабақ
#34 ЖОББМ-те 07.11-29.11 аралығында "Жаратылыстану-математикалық пәндер бірлестігінде биология,химия география сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту жолдары " тақырыбында айлық өтілуде.Айлық барысында биология пәні мұғалімі А.Ш .Еркехожаева 10.қараша күні 8-сыныпта "Биология әлемінде"атты интеллектуалдық сыныптан тыс сайыс сабақ өтті.Сабақтың мақсаты:биология пәніне оқушылардың қызығушылықтарын арттыру,топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру,функционалдық сауаттылықтарын дамыту.Сайыс 5 турдан тұрды.1-тур "Брейн-ринг",2-тур "Мен білемін ",3-тур "Ойлан-тап" ,4-тур "Биологиялық есеп", 5-тур "Адасқан әріптер" .Сынып 2 топқа бөлінді . 1-топ "Алғырлар " 2-топ "Тапқырлар".Топ мүшелері сайысқа белсенділікпен қатысты. Әр турда оқушылар топпен бірлесе жауаптар берді.Өз ойларын еркін жеткізе білді..Оқушылар логикалық және функционалдық сауаттылық тапсырмаларын қызыға орындады.Сайыс сабақ тартысты, қызықты өтті.
