05
қыркүйек
2022
"Тілім менің тұғырым апталығының ашылу салтанаты
Бүгін 5.09.2022жылы мектебімізде Қазақстан Республикасы халқының тілдер мерекесіне арналған апталықтың ашылу салтанаты өтті.Мақсаты:жас жеткіншектердің бойына халқының қадір-қасиетін сіңіріп,өз ана тілін жетік меңгеріп,ұшқыр да шешен сөйлеуге баулу,тіл мәртебесін көтеру.Аталған мақсаттарды жүзеге асыру мақсатында жоспар бекітіліп,ӘБ жетекшісі,қазақ тілі,орыс тілі және ағылшын тілі пәндері мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 5.09-9.09 арасында түрлі мектепішілік іс-шаралар ұйымдастырылып отыр."Тілім менің тұғырым апталығының ашылу салтанаты А.Байтұрсыновтың 150жылдығымен тұспа-тұс келуіне орай,жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған ақпараттық танымдық кеш өтті.Салтанатты іс-шара апта бойы өз жалғасын таппақ.

