08
желтоқсан
2024
Таңғажайып ертегілер
N34 жалпы орта білім беретін мектебінде Мектепішілік жоспарға сай 4-сынып оқушыларымен әдебиеттік оқу сабағынан Таңғажайып ертегілер тақырыбында сабақ өтілді.Мақсаты:
Сөйлеу барысында иллюстрациялар,көрнекіліктер,
фотосуреттер,
қолдану,
презентация,
видоролик жасау.Өз ойын,сезімін,көзқарасын өмірде болған,өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру.Сабақты
"Амандасу "тренингімен бастады.Оқушы
ларды "Алтын сақа" және"Қайсар бала"-деп екі топқа бөлді. Өткен сабақты'Қағып ал да,жауап бер"әдісі арқылы сұрады.
Сақа дегеніміз не?"Хан" ойынына қанша ойыншы қатыса алады? "Орамал тастау"ойыны қалай ойналады?Қазіргі кезде неге асық ойындары сирек ойнайды?тағыда басқа сұрақтар қойылып жауап алынды.
Қызығушылығын ояту мақсатында :Суреттегі кейіпкерлерді сөйлетіп сабақтың тақырыбын ашты.Ертегінің қандай түрін білесіңдер деп ертегінің үш түрі бар екенін соның ішінде бүгінгі ертегі Қиал-ғажайып ертегі екендігі айтылды.
Шынжыр "әдісі арқылы оқушылар ертегіні оқып шықты.Бірінші топқа Ертегінің мазмұнын әрі қарай болжа.Балаға көмектесу үшін қандай қиял ғажайып оқиға айтар едің?деген сұрақ қойылды.Екінші топқа Баланың әкесінің іс - әрекеті туралы не айтар едің?деген сұақ қойылып жауап алынды.Топтық жұмыс:"Ойлан,
жұптас,талқыла"әдісі арқылы Алтын сақа тобы(ертегіден көрініс көрсетті)
"Қайсар бала"тобы(ертегі кейіпкерлерінің суретін салды)
"Түртіп алу"әдісі арқыл дәптермен жұмыс болды."Асығың алшысынан түссін"
парақшасы арқылы жеке жұмыс орындалды.
Сабақ соңында бағалау парақшалары арқылы әр оқушының неше балл алғаны анықталды.