
"Жарқын елдің шам шырағы жас маман" демекші 2024-2025 оқу жылында мектебіміз бірқатар жас мамандармен толықтырылды. Осы орайда жас мамандарға мектеп әкімшілігі мен тәлімгерлер тарапынан әдістемелік көмек көрсетілді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы негізінде күнтізбелік-тақырыптық және қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жоспарлауды үйретіп, нұсқау берілді. Күнделік.кз жүйесін толтыру, БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын орындау барысы түсіндірілді. Сонымен қатар биылғы оқу жылының басты ерекшелігі "Біртұтас тәрбие" бағдарламасында көрсетілген құндылықтардың ҚМЖ-ға кіріктірілуі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.