04
сәуір
2024
"Алкоголь тұтынудың алдын алу" тақырыбында 9-10 сыныптар арасында таныстырылым
№34 жалпы орта білім беретін мектебі 7-сәуір Дүниежүзілік денсаулық күніне орай "Менің денсаулығым, менің құқығым" атты ұранымен өткізілетін іс-шаралар жоспары аясында "Алкоголь тұтынудың алдын алу" тақырыбында 9-10 сыныптар арасында таныстырылым өтілді. Мақсаты:
Білімділігі: "Бірінші байлық - денсаулық". Олай болса, "Қазақстан-2030" бағдарламасында көрсетілгендей өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал - ахуалы жақсы болуы үшін зиянды әдеттерден ішімдік, шылым шегушіліктен арашалап, денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін ұғындыру.
Тәрбиелігі: Маскүнемдіктің зардаптары. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ, алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келетінін жете түсіндіру.
Дамытушылығы: Темекінің , арақтың зиянына ғылыми дәлелденген деректер бойынша нақты фактілермен көз жеткізу. Өркениетті елімізге лайықты зиянды әдеттерге қарсы күресетін, білімді де тәрбиелі тұлға қалыптастыру.
Жауапты: Муртазаева.Г. Абдукадирова.Ж.


