16
қаңтар
2024
"Заң бәрімізге ортақ" тақырыбында түсіндіру жұмыстары
Құқық бұзушылықтың алдын алу жоспарына сай 8-11 сынып білім алушыларымен "Заң бәрімізге ортақ" тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Заң, мемлекет белгілеген жалпыға бірдей міндетті ережелер. Ол конституция деп аталады. әр елдің мемлекеттің өз азаматтарына арналған заңы бар. Өздерің білесіңдер ол адамның, қоғамның, елдің құқығын қорғауға арналған. Әрбір елдің өз Ата заңдары болады. Заң болмаса адам құқығы қорғалмай, бұзақылық көбейіп кетер еді. Мінеки сен дүниеге шыр етіп өмірге келгеннен бастап оның өмірін, денсаулығын тыныштығын қуанышын біздің мемлекетіміздің ұлы заңы Конституция қорғайды. Заң бәрімізге ортақ, заңға бағыну баршамызға жүктелген міндет. Жауапты: ДТЖО А.Ертаева
