Пиротехникалық (салют) заттардың зияндығы туралы түсіндіру жұмыстары » ЖОББМ №34 Қызыл таң
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп»
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Пиротехникалық (салют) заттардың зияндығы туралы түсіндіру жұмыстары
11
желтоқсан
2023

Пиротехникалық (салют) заттардың зияндығы туралы түсіндіру жұмыстары

Мектепте Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылдың 11 желтоқсан күні 6- сынып білім алушыларының сынып жетекші: Г.Тулисбаева   тарапынан пиротехникалық (салют) заттардың зияндығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жаңа жыл қарсаңында дүкен және сауда орталықтарының сөрелері сан түрлі пиротехникалық өнімдермен көздің жауын алады. Негізінен пиротехника – бұл маусымдық тауар. Қазіргі кезде бұқара тұтынушыларға тұрмыстық қолданысқа арналған пиротехникалық өнімдер ұсынылған, оларды пайдалану кезінде арнайы білім мен дағды қажет емес.  Сол себепті бұл заттарды пайдалануда өте мұқият болу керек. Қаптамада міндетті түрде от шашу саны, көлемі және әсері туралы мағлұмат көрсетілуі қажет. Ақауы бар, мыжылған, суланған, сұр не қара түсті бояуы шашылған өнімдер қауіпті болуы (аяқ асты жанып кетуі) мүмкін. Пиротехникалық құралдарды қаптамасыз сақтауға және қалтада сақтауға болмайды.
Пиротехникалық өнімдерді қатты жел кезінде ғимараттар мен үйден 30 м қашықтықта қолдану керек. Пиротехниканы қолдану тек нұсқаулыққа сай және үлкендердің қатысуымен қолдану қажет. Үй жағдайында тек хлопушка және бенгаль отын қолдануға рұқсат етіледі. Қалған пиротехникалық өнімдерді далада және ашық алаңда ғана қолдану қажет. Егер де пиротехникалық өнім жанбай қалған жағдайда, оған 10 минут көлемінде жақындауға және қолға алуға болмайды. Ол кенеттен жанып кетуі мүмкін, бұл өз алдына қауіпті болып табылады. Жерге түскен ракета тәріздес пиротехника қалдықтарын жинамаңыз, олар қолыңызда жарылып кетуі мүмкін.
Егер де сіз жарамдылық мерзімі өтіп кеткен петарда не болмаса өзге де пиротехникалық өнімді сатып алған болсаңыз, оларды отқа тастап жоймаңыз. Олардан арылудың тиімді әрі қауіпсіз жолы: оларға су құйып, 2 сағат күтіп, кәдімгі қоқыстармен бірге қоқыс жәшігіне тастауға болады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив