13
қазан
2023
"Бабалар дәстүрі-ұрпаққа өсиет" тақырыбында бата беру іс-шарасы
Мектепте "Бір тұтас тәрбие бағдарламасын" жүзеге асыру барысында "Отбасы орта мектеп" жобасы аясында 2023 жылдың 13 қазан күні "Аталар мектебі" мүшесі Р.Мәдібаевтың қатысуымен "Бабалар дәстүрі-ұрпаққа өсиет" тақырыбында бата беру іс-шарасы өтті. Мақсаты: білім алушылардың бойында ұлттық құндылықтарды дарыту, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу. Іс-шара барысында қазақ халқының ежелден келе жатқан өзіндік орны бар дәстүрінің бірі бата берудің түрлерімен таныстырылды. Білім алушыларға Мәдібаев Рысбек ағамыз ас батасын, сапар батасын және өскелең ұрпаққа арналған батасын берді.
