17
қазан
2023
"Білім ұясындағы мамандар" саяхат
№ 34 жалпы орта білім беретін мектебінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған іс шаралар жоспарына сай педагог кәсіптік бағдар беруші және сынып жетекші Туребаева З. 1 сыныптар арасында білім ұясындағы әр түрлі саладағы мамандармен шолу экскурсиясын жасады. Ең бірінші білім алушылар өздерін құнды біліммен, көптеген қызықты мәліметтермен бөлісетін мектеп кітапханашысы Акимбекова Гульнар Акимжанқызының кітапханасына саяхат жасады. Кітапханадан шыға сала білім алушылар мектеп оқушыларын тәтті тағаммен қамтамассыз ететін Альменова Айгерім апайдың асханасына барды, онда аспазшы апай білім алушыларға тамақты дайындаудыңжолын үйрете отырып, « махаббатпен кез келген тірлікті істесеңдер өнімді және өтімді болмақ» деп түсіндірді.
Кітапханадан шыға сала білім алушылар мектеп оқушыларын тәтті тағаммен қамтамассыз ететін Альменова Айгерім апайдың асханасына барды, онда аспазшы апай білім алушыларға аспазшы мамандығының жұмысы туралы, дұрыс тамақтану туралы да айтып өтті. Аспазшы мамандығымен танысқан оқушылар мектептің жылулығын қамтамассыз етіп отыратын от жағушы мамандығымен танысуға барды. Онда от жағушы от жағушы мамандығының жұмысымен таныстыра отырып,жұмыс барысында сақталатын қауіпсіздік ережелерін де атап өтті. Экскурсия соңында педагог кәсіптік бағдар беруші оқушыларға қандай мамандық болмасын барлығы маңызды, керек мамандық екенін түсіндіріп, мамандық туралы анықтама беріп өтті.
