АТА -АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА ХАБАРЛАНДЫРУ!

Мектеп формасына қойылатын талаптар

2023-2024 оқу жылында
№34 жалпы орта білім беретін мектебінде

«Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы
№ 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 534 бұйрығының негізінде мектеп оқытудың зайырлы сипатына сәйкес 1-11-сынып оқушыларының формасы төмендегідей:

1)Ұлдардың формасы: қара-көк түсті (темно-синий) пиджак, жилет, шалбар, күнделікті ақ жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, ) Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

2) Қыздардың мектеп формасы: қара көк түсті (темно—синий) пиджак, жилет, қара-көк түсті белдемше (юбка, ұзындығы тізеден төмен болу керек), классикалық ақ жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық қара шалбар, куртка, ақ футболка), спорттық аяқ киімнен (кроссовки, кеды) тұрады.

10-сынып оқушыларына арналған әскери-парадты форма ақ жейде мен қара түсті шалбардан,галстук пен береттен тұрады.

Мектеп формасына түрлі

діни аксесурлар, джинсы, слакси шалбарлар, тениска, футболка, қысқа, тор, кожа юбкалар қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.

Ата - аналар мен өзге де заңды өкілдер мектеп формасын тігетін кәсіпорынды немесе оқушы киімдерін сататын сауда желісін өздері таңдайды.

Білім алушылар белгіленген мектеп формасын сақтауға , ата -аналар мен өзге де заңды өкілдер білім беру саласындағы уәкілетті орган белгіленген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға міндетті.
ҚҰРМЕТПЕН МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІ
