09
қыркүйек
2022
"Елін сүйген ер тұлға" тақырыбында көрме
N 34 жалпы орта білім беретін мектебінде кітапханашы Акимбекова Г. ұйымдастыруымен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, ақын,ғалым Асанбай Асқаровтың 100 жылдық мерейтойына орай "Елін сүйген ер тұлға" тақырыбында көрме ұсынылды.
Көрменің мақсаты: Асанбай Асқаровтың өмірі мен қоғамға жасаған еңбектері, шығармашылығы туралы мәлімет беру.
Онда кітапханашы оқушыларға А.Асқаровтың өмір жолымен тереңірек түсіндіріп, тұлғаның игі істерін келешек ұрпаққа дәріптеді. Көрме соңында А.Асқаровтың
1."Асанбай Асқаров: қайраткер.Ғалым.Жазушы" М.Қазыбек
2. "Қайраткер Асанбай Асқаров" Ғ.Маймақов кітаптарымен таныстырып және 6-сынып білім алушылары Ерғали Айым мен Өсер Айым өз арнауларын мәнерлеп оқыды.