20
сәуір
2022
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Ертегі айтушылар шеруі"
"Кітап - адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін - тәрбие құралы. Президентіміз Қасым -Жомарт Тоқаев: " Кітап оқу-рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт-секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Алтын уақытымызды пайдалы істерге жұмсаған жөн" деп кітап оқып, рухани дүниежізілік жүдеуден сақтауға шақырды. Мемлекет басшысының бастамасымен барлық білім ошақтарында "Оқуға құштар мектеп" жобасы жүзеге асуда. Жобаны жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың 15-25 сәуір аралығында мектепте 3-4 сынып білім алушылары арасында "Ертегі айтушылар шеруі" өткізілуде. Бастауыш сынып оқушылары өздеріне ерекше әсер берген ертегісін мазмұндап береді.