19
желтоқсан
2024
«Кітап-сарқылмас қазына» әдеби кеші
№34 жалпы орта білім беретін мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған «Кітап-сарқылмас қазына» әдеби кеші.
Кітапханашы: Шакирова А.
№ 34 жалпы білім беретін мектебінде 7-8 сыныптар аралығында «Кітап-сарқылмас қазына» тақырыбында жас ақындардың шығармаларын насихаттау мақсатында әдеби кеш өткізілді. Кеш барысында оқушылар жас ақындардың өмірбаянына шолу жасап, өлеңдері мәнерлеп оқылып, шығармалары жатқа айтылып және де оқушылар марапатталды. Жас таланттардың шығармашылық жолына қолдау көрсетіп, кітаптің рухани құндылық ретіндегі мәртебесін көтеруге өз үлесін қосты. Мұндай іс-шаралар әдебиеттің дамуына ықпал етіп, жастар арасында оқырмандық мәдениетті қалыптастырудың тиімді құралы болып табылады.
Мақсаты:Әдеби кештің мақсаты – жас ақындардың шығармашылығын кеңінен таныту, олардың кітаптарын насихаттау, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру және өскелең ұрпақты әдебиетке баулу.Кітапханашы: Шакирова А.
![]() | ![]() |