24
қазан
2024
«Демалыста кітап оқимыз»
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Демалыста кітап оқимыз» тақырыбында күзгі демалыста кітап оқу бойынша 3 сынып оқушылары оқыған кітаптарын ұсынды.
Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, тілін дамыту, кітапты ұқыпты әрі бар ынтасымен оқуға дағдыландыру, демалыстарын тиімді өткізуге үйрету.
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ол ұрпақтан - ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. “Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ , ой ойлаудан да тыйылар едік”, - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Балаларға осы қағиданы түсіндіру, кітап оқуға ынталандыру мақсатында, демалыс кезінде кітапханаға шақырып, жаңа кітаптармен, қызықты ойындар ойнату арқылы кітапханаға деген қызығушылықтарын арттыру. 3 сынып оқушылары Орынбай Ерасыл, Тоқтағұл Нариман, Құрманбек Раяна, Дүйсенғали Дидар оқыған кітаптарын ұсынды.
Кітапханашы: Шакирова А.
![]() | ![]() | ![]() |