Акылбаева И.А. 17-қазан күні 2023 ж. мектепалды сынып оқушыларымен
#34 жалпы орта білім беретін мектебінің мектепалды сынып тәрбиешісі Акылбаева И.А. 17-қазан күні 2023 ж. мектепалды сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Міндеті: 1-10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру, 10-көлеміндегі сандарды бірге қосылып (тура және кері) санау. Тәрбиенің басы - амандасу. Оқушылар сәлемдесіп, бір-бірінің көңіл-күйін көтеру мақсатында шаттық шеңберде тұрып жылулық сыйлады. ҰІӘ-ті жыл мезгілдерін, апта күндерін, тәулік бөліктерін сұраудан басталды.