«Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» тақырыбында айлық
№34 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылдың 5-30 желтоқсан аралығында математика, информатика және физика пәндері бойынша «Білім берудің тиімді әдістерін қолдана отырып оқушылардың шығармашылығын және құзыреттілігін дамыту»тақырыбында айлық жоспары жасалынып, бекітілді. Жоспарға сай 5 желтоқсан күні «Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» тақырыбында айлықтың ашылу салтанаты өтті. Мектеп директоры Е.А.Далиев сөз сөйлеп, қазіргі ғылыммен технологияның дамыған уақытында математика, информатика және физика пәндерінің орны ерекше екендігін айтып, оқушыларды айлық барысында белсенді болуға шақырды. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті-барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Осы орайда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған логикалық сұрақтар қойылып, жұмбақтар шешілді. Ашылу салтанаты соңында 8-сынып оқушылары «Алға Қазақстан» әніне флешмоб билеп, көңілді аяқталды.