«БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН» атты аудандық тамыз педагогикалық кеңесінің секциялық отырысында №34 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мұсаева Гулназира Мұхтарқызы
«Жасанды интеллектінің оқу-тәрбие үдерісіндегі тиімділігі» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісіп, арнайы сертификатқа ие болды.
Заманауи білім беру үрдісінде ЖИ құралдарын тиімді қолдану – сапалы білімнің кепілі.