28
ақпан
2025
“Шын білім тәжірибеде” ашық сабақ шеруі
Мектепте “ШЖМ үздік мұғалімі” мектепішілік кәсіби байқаудың жоспарына сәйкес 27 ақпан күні “Шын білім тәжірибеде” ашық сабақ шеруінде 10-сынып білім алушыларымен “Quantifiers;Countable and uncountable nouns” тақырыбында ашық сабақ өтті.Ашық сабақтың мақсаты оқушыларға саналатын және саналмайтын зат есімдерді түсіндіріп, оларды сөйлемде дұрыс қолдануды үйрету болды.
Сабақ барысында оқушылардың ағылшын тілі бойынша білімдерін тереңдету мақсатында әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Сабақтың басында домтапсырмасы сұралып, оқушылардың тақырыпқа қатысты дайындық деңгейі тексерілді. Одан кейін оқушылар суреттерде жасырылған countable және uncountable зат есімдерін анықтап, топқа бөлінді. Study Strategy әдісі арқылы олар жаңа сабақтың сөздіктерін тауып, танысты. Сабақ барысында көрсетілген бейнемазмұн оқушылардың жаңа ақпаратты қабылдауын жеңілдетіп, түсініктерін кеңейтті. Learning Apps платформасы арқылы жаңа сабақты пысықтап, оқушыларға интерактивті тапсырмалар ұсынылды. Одан соң, жеке жұмыс барысында оқушылар “Thinking it” әдісін пайдаланып, өз ойларын дамытуға мүмкіндік алды. Жұптық жұмыс “We will think together” әдісі арқылы жүргізіліп, оқушылар бірігіп тапсырмаларды шешті. Топтық жұмыс кезінде “Continue” әдісі арқылы ой бөлісіп, әрқайсысы өз үлесін қосты. Сабақтың қорытындысы ретінде Wordwall платформасында ойын элементтері арқылы сабақты пысықтап, қорытындыланды. Обратная связь құндылыққа бағытталған ою әдісі арқылы жүзеге асырылды, бұл оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, олардың өздерін бағалау дағдыларын қалыптастырды. Әр тапсырма барысында оқушылардың жұмысы дескриптор арқылы бағаланып, оқушылар өзара бір-бірін мадақтап отырды. Сабақты ағылшын тілі мұғалімі Абдукадирова Жанна өткізді.
![]() | ![]() | ![]() | ![]() |