“Ағасы бардың -жағасы бар”
“Біртұтас тәрбие “бағдарламасы аясында “Ағасы бардың -жағасы бар” тақырыбында КСРО спорт шеберлері Сексенбаев Марат, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Бегалиев Даурен ағалармен тәлімі мен тағылымы мол кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты: білім алушыларға еліміздің намысын қорғап,көптеген халықаралық жарыстарда еліміздің көк туын желбірететін спортшыларды дайындап жүрген бапкерлерді таныстыру, оларды үлгі тұту, салауатты өмір салтын насихаттап, жас ұрпақтың спортқа жақын өсуіне ықпал ету.